KazPlay

Біз туралы

Қазақша кино платформасы — тілімізді сақтау жолындағы миссия

KazPlay дегеніміз не?

KazPlay — қазақша аудармасы бар фильмдер мен сериалдарды онлайн көруге арналған стриминг платформасы. Біз Қазақстандағы ең үздік контентті қазақ тілінде ұсынамыз — жарнамасыз, ыңғайлы интерфейспен, кез келген құрылғыдан.

2000+

Фильм

1000+

Мультфильм

500+

Сериал

Біздің миссия

Сапалы контентті қазақ тілінде қол жетімді ету арқылы ұлттық мәдениетті дамытып, жаңа буынды ана тілінде кино көруге баулу. Технология мен тіл сүйіспеншілігі — бізді алға жетелейтін күш.

Қазақ тілін әлемге таныстырамыз

Фильмді қазақ тіліне аудару — ауыр жұмыс. Уақыт керек, шыдамдылық керек, жүрек керек. Бірақ бұл бізді ешқашан тоқтата алмайды. Қазақ тілі үшін — біз барлығына дайынбыз.

«Қазақ тіліне аудару оңай емес —
бірақ бұл бізді тоқтата алмайды.»

Біз нені жасасақ та, қазақ тілі үшін жасаймыз. Бұл тіл өлмейді — ол экранда, жүректе, болашақта өмір сүреді.